Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

18 ақпан 2022

99

Жаңалықтар

«Рокос» шұжық цехы тексерілді

«Халал Дамудың» бас сарапшы технологы Айжан Омарованың Ақтөбе облысына сапары барысында «Rokos» шұжық цехы тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларына жергілікті инспектор-контролер Жарасхан Абдусаламов қатысты.

«Ақтөбе облысында азық-түлік өндірісі жылдам қарқынмен дамып келеді. Жыл сайын өңірде тамақ өнеркәсібі бағытындағы жаңа кәсіпорындар ашылып, ежелгі өнеркәсіптер өндіріс ауқымын кеңейтуде. Өңірдегі сондай ірі кәсіпорындардың бірі – «Rokos» шұжық өндіру цехы. «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорында тыңғылықты тексеріс жұмыстары жүргізіліп, шұжық өнімдерін өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сақтау, сату кезеңдері түгелдей қадағаланып, шикізаттары мен тағамдық қоспалары тексерілді», – деген Айжан Қалмаханқызы шұжық цехында бекітілген халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмегендігін жеткізді.


Бөлісу: