«РОКОС» ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ ТЕКСЕРІЛДІ
«Халал Дамудың» Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Амангелдіұлы мен технолог Ақмаржан Ержанқызы «Рокос» шұжық цехында бақылау-қадағалау шараларын жүргізді.
«Ақтөбе облысында азық-түлік өндірісі жылдам қарқынмен дамып келеді. Жыл сайын өңірде тамақ өнеркәсібі бағытындағы жаңа кәсіпорындар ашылып, өндіріс ауқымын кеңейтуде. Өңірдегі сондай ірі кәсіпорындардың бірі – «Rokos» шұжық цехы. «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорында тыңғылықты тексеріс жұмыстары жүргізіліп, шұжық өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, сақтау, сату кезеңдері түгелдей қадағаланды. Шикізаттары мен тағамдық қоспалары тексеріліп, санитарлық тазалығы да назардан тыс қалмады. Шұжық цехында бекітілген халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді», – деген өкіліміз сертификат жаңарту процессі әлі аяқталмағандығын жеткізді.