Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 қыркүйек 2022

81

Жаңалықтар

«Сәбден Өтеген батыр» мешітінде халал тақырыбында уағыз айтылды

«Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жұмабеков Жанәбілдің ұйымдастыруымен Алматы облысы, Іле аудандық «Сәбден Өтеген батыр» мешітінде халал тақырыбында уағыз-насихат жүргізілді.

Уағыз барысында шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы жөнінде түсіндірген Жанәбіл Жұмабеков: « Әсілінде, Алла тағала бізге берген дүниенің ішінде халал нәрселер көп. Ал, харам заттар өте аз. Мәселен, ішімдік түрлері өте көп. Оның ішінде тек мас ететін түріне ғана тыйым бар. Ал, басқа түрлі қайнар бұлақ сулары, барлық жеміс шырыны және үй жануарларының айран-сүті мен қымыз-қымыраны түгелдей халал. Сонымен қатар, құстар мен балықтардың және төрт түліктің еті халал, әрі пайдалы тағам. Ал, тыйым салынған ет түрі тым аз. Демек, біз халал шеңберде өз пенделік қажеттілігімізді қанағаттандыра аламыз. Харамға мұқтаждығымыз мүлде жоқ», – деп халалдың салмағы мен маңызы жөнінде түсіндірді. Сонымен қатар, халал өнімдер технологиясы мен стандарт талаптары, «QMDB Halal» сертификатының артықшылығы мен ерекшелігі, зертханалық тексерістің маңыздылығы, тағамдық қоспалардың өндірісі жөнінде баяндады.

Бөлісу: