Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

22 қыркүйек 2021

81

Жаңалықтар

"SALAM BRO" ФАСТ-ФУД ЖЕЛІСІ ТЕКСЕРІЛУДЕ

"Халал Даму" мамандарының Алматы қаласындағы іс сапары барысында еліміздегі ең ірі фаст-фуд желілерінің бірі "Salam Bro" кәсіпорны тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларын бас сарапшы технолог Айжан Омарова орындады.

 "Salam Bro" – өзіндік рецептімен жылдам дайындалатын фаст-фуд өнімдерінің сан алуан түрін ұсынатын, тамақтану орындарының бірі. Халық жиі тұтынатын, сұранысқа ие кәсіпорындар мен азық-түліктер халал сертификаттаудан өткізу аса қажет. Себебі, біздің басты мақсатымыз – тұтынушы қажеттілігін қамтамассыз ету. Осы орайда "Salam Bro" кәсіпорнының ет және нан өнімдерін дайындайтын цехы, шикізаттары мен тағамдық қоспалары түгелдей тексерілді. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал өнімдер технологиясы мен стандарт талаптары, халал тағамдық қоспалар мен зертханалық тексерістің маңыздылығы, өндіріс орнында шариғат талаптарын сақтау мәселелері жөнінде оқу-семинары өткізілді", – деп хабарлайды бас сарапшы технолог Айжан Қалмаханқызы.






Бөлісу: