Семей аймағы кәсіпкерлерімен онлайн семинар
«Халал Даму» мекемесі мен ҚМДБ-ң Семей аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Халал өнімдерін стандарттау және сертификаттау» тақырыбында онлайн семинар өткізілді. Семинарға Семей аймағының бас имамы Асқар Мұқанов, жергілікті инспектор-контролер Серікқали Бейсенұлы, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технолог мамандар, жергілікті ірі-кішілі 114 кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері қатысты. Семей аймағы мен «Халал Дамудың» ұйымдастыруымен өткен семинардың мақсаты - кәсіпкерлерге халалдың маңыздылығын насихаттау, халал стандартқа сай өнім өндіріп, қызмет көрсететін кәсіпорындар санын арттыру қажеттігін түсіндіру. Семинар барысында халал өнімнің пайдасы, «ҚМДБ халал» сертификатын алу талаптары, халал стандартқа өтудің жолдары, халал өнімдерді жарнамалау мәселелері көтеріліп, нақты нұсқаулықтар берілді. Сонымен қатар, технолог мамандар халал өнім өндіру технологиясының басты ерекшеліктері, Е тағамдық қоспалар, халал өнімнің пайдасы мен артықшылықтары жөнінде дәріс өткізді. Семинар соңында, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, Айбек Асқарбекұлы мен Асқар Мұқанов кәсіпкерлерді халал, табиғи, экологиялық таза өнім индустриясын дамытуға ат салысуға шақырды. ![WhatsApp Image 2020-10-06 at 17.23.47.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f8/2cc/b93/5f82ccb935ba4763856808.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-06 at 17.23.44 (1).jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f8/2cc/c01/5f82ccc01ee4c780902780.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-06 at 17.23.43.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f8/2cc/dcc/5f82ccdccf01d171449655.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-06 at 17.23.44.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f8/2cc/ef4/5f82ccef4722f039219309.jpeg)