СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕГІ ТЕКСЕРІС
"Халал Даму" маманы Данияр Сафиевтің еліміздің шығыс өңіріне бағытталған сапары бүгін Семей аймағына ұласты. Жергілікті инспектор-контролер Серікқали Бейсенұлымен бірлескен ревизорлық тексеріс барысында "Арай – East Food" шұжық цехы, "Мaki-Maki" фаст-фуд өнімдері, "Адал ас" кондитерлік өндірісі, "Халва" дәмханасы бақылау-қадағалаудан өткізілді.
Мамандар аталған кәсіпорындарда жүргізілген бақылау-қадағалау шаралары оң нәтиже көрсеткендігін, өндіріс орындарда халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмегендігін мәлімдеді. Тексеріс қорытындысы бойынша, кәсіпорындардың өндірісі, дайын өнімдері бекітілген "QMDB HALAL" стандарты талаптарына толықтай сай.