Семейдегі кәсіпорындарда аудит жүргізілді
«Халал Даму» технологы Данияр Бақзейнелұлының Семей қаласына іс сапары барысында «Maki Maki» фаст-фуд өнімдері желісі мен «Halva» дәмханасында аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларына жергілікті өкіл Серікқали Бейсенұлы да қатысты.
Аудит нәтижесіне сәйкес, аталған кәсіпорындар өнімдері мен қызметі бекітілген халал стандартына толықтай сай, талаптарды бұзу жағдайлары тіркелмеді.
Айта кетейік, «Халал Даму» технологтары ай сайын еліміздің барлық өңірінде кезектен тыс бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп келеді. Осы жолы Шығыс өңірдегі сертификаттаудан өткен кәсіпорындар тексерілуде.