Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

28 тамыз 2023

236

Жаңалықтар

СЭС мамандарымен семинар

Бүгін елордалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары "Халал Даму" қызметкерлеріне семинар өткізді. 

Семинар барысында, азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты бекітілген нормативтерді сақтау, өндіріс және өнім қауіпсіздігін қадағалау, зиянды өнімдердің себебімен таралатын түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілерде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша ұсыныстар айтылды.

Семинарға арнайы қатысқан  Айбек Асқарбекұлы осындай оқу-ағарту шаралары нәтижесінде мамандар тәжірибе алмасып,  кәсіби біліктіліктерін арттыратынын жеткізді.

Бөлісу: