«SH Group Partners» қасапханасында аудит
Алматы қаласындағы «SH Group Partners» қасапханасында аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» технологы Данияр Бақзейнелұлы пен жергілікті инспектор-контролер Маратхан Мұхтарханұлы орындады.
«Малдың семіздігіне ғана емес, адал жолмен бауыздалуына да ерекше көңіл бөлген халықпыз. Сондықтан да отандық қасапханаларды тұрақты түрде ай сайын тексерістен өткізіп тұрамыз. Бүгінгі бақылау барысында «SH Group Partners» қасапханасындағы мал бауыздау және ет өнімдерін өңдеу, өндіру, сақтау және тасымалдау обьектілеріне қойылатын стандарт талаптарының орындалуы қадағаланды. Қасапхананың санитарлық тазалығы өте жоғары деңгейде, қасапшыларға халал талаптарына сай мал бауыздауға барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, қасапхана заманауи, жаңа техникалық құрылғылармен жабдықталған. Қасапхана жұмысы мен қызметі өте жоғары деңгейде», – деген Данияр Бақзейнелұлы қасапхананың халал стандарт талаптарына толықтай сай екендігін жеткізді.