«Шарбақты-құс» фабрикасы тексерілді
Көпшілікке «Золотая несушка» жұмыртқасымен танылған «Шарбақты-құс» фабрикасы тексерілді. Аудит шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, бас сарапшы технолог Жанар Мұратқызы және жергілікті бақылаушы мамандар орындады.
«Шарбақты-құс» құс фабрикасы Шарбақты ауданындағы тіршілікті жандандыра түскен кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның құрама жем цехтары, тауық, балапан тұратын корпустары да тұтастай еуропалық өндірушілердің жаңа техникалық құрылғылармен жабдықталған. Өндірістің біраз бөлігі автоматтандырылған. Микроэлементтерден басқа жемнің барлығы да жергілікті табиғи бидайдан дайындалады. Кәсіпорын аумағында мамандарының қатысуымен тиісті бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, құстың жем-азығынан бастап, сақтау, тасымалдау процесстерінің шариғат және халал стандартқа сәйкестігі қадағаланды. Тексеріс қорытындысы оң», — деп хабарлайды мамандар.