Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

10 ақпан 2022

179

Жаңалықтар

Шардара қ.: «Азия» дәмханасы тексерілді

Шардара қаласында орналасқан «QMDB Halal» стандартына сай бірден-бір қоғамдық тамақтану орны «Азия» дәмханасында кезекті аудит жұмыстары жүргізілді.  Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму»  технологы Еркетаң Айдынқызы мен Шардара аудандық орталық мешітінің бас имамы Марат Рахметуллаұлы орындады. 

«Азия» дәмханасы халал әрі дәмді ас мәзірін ұсынатын тамақтану орындарының бірі. Бүгінгі аудит барысында дәмхананың өндіріс аймағы, қолданыстағы шикізаттары, тағамдық қоспалары, санитарлық тазалығы және де бекітілген стандарт талаптарын сақтауы қадағаланды. Аудит нәтижесі бойынша «халал стандарт» талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді. Өнім өндіру барысында «QMDB Halal» стандарты талаптарын толықтай орындайтындығына көз жеткізілді»  — деп хабарлайды Еркетаң Айдынқызы. 

Қала тұрғындары мен қонақтарын халал әрі дәмді ас ұсынатын «Азия» дәмханасына шақырамыз! Мекен-жайы: Шардара қаласы, Төле би көшесі 36г

Бөлісу: