Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

02 сәуір 2021

451

Жаңалықтар

НҰР-СҰЛТАН: "SHAURMA FOOD" ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Нұр-Сұлтан қаласындағы ең ірі фаст-фуд орталықтарының "SHAURMA FOOD" фаст-фуд өнімдері "QMDB halal" стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

"SHAURMA FOOD" – өзіндік рецептімен дайындалатын шаурма, түрік асханасы тағамдары, шығыс ас мәзірі, балалар тағамы секілді түрлі өнім түрлерін ұсынатын, тиімді бағамен жоғары қызмет көрсетіп, дәмді ас ұсынатын қоғамдық тамақтану орны. "Халал Дамудан" сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген күннен бастап, дәмхана ғимараттарында бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, технолог мамандардың қатысуымен барлық шикізаттары мен тағамдық қоспалары тексерілді. Қажетті өнімдер лабороториялық зерттеуден өткізілді. Барлық зерттеу және бақылау жұмыстарының оң нәтижиесінен кейін "SHAURMA FOOD" дәмханасына "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт" талаптарына лайық деп танылды. 

"Халық көп тұтынатын, жиі сұрайтын, сұранысқа ие кәсіпорындар мен азық-түліктер халал сертификатын алғанда ерекше қуанамыз. Себебі, біздің басты мақсатымыз – халық қажеттілігін қамтамассыз ету. Осы бағыттарыңыздан таймай, елге адал ас ұсынып, көңілдерді қуанта бересіздер деп сенемін. Біздің жұмысымыз осы жерден тоқтамайды, керісінше, енді ғана бастау алды. Алдағы уақытта технологтар мен инспектор-контролер мамандардың қатысуымен міндетті айлық тексеріс жұмыстары жүргізілетін болады", – деді Айбек Асқарбекұлы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына арнайы келген "SHAURMA FOOD" кәсіпорны басшыларына алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі. Өз кезегінде, "SHAURMA FOOD" кәсіпорны "Халал Даму" мамандары қызметін жоғары бағалап, "QMDB halal" таңбасына лайықты жұмыс жасайтындарын жеткізді. Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық "ШАУРМА" дәмхана нүктелері халал стандарты бойынша сертификаттаудан өткендігін хабарлаймыз! 

Бөлісу: