Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

15 маусым 2022

134

Жаңалықтар

"Shaurma Food" халал сертификатын жаңартты

Нұр-Сұлтан қаласындағы ең ірі фаст-фуд орталықтарының бірі  "SHAURMA FOOD" фаст-фуд өнімдері "QMDB Halal" стандарты бойынша сертификатын жаңартты.Сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

"SHAURMA FOOD" – өзіндік рецептімен дайындалатын шаурма, түрік асханасы тағамдары, шығыс ас мәзірі, балалар тағамы секілді түрлі өнім түрлерін ұсынатын, тиімді бағамен жоғары қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану орындарының бірі.

Сертификат жаңарту барысында дәмхана ғимараттарында бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, технолог мамандардың қатысуымен барлық шикізаттары мен тағамдық қоспалары тексерілді. Қажетті өнімдер лабороториялық зерттеуден өткізілді. Барлық зерттеу және бақылау жұмыстарының оң нәтижиесінен кейін "SHAURMA FOOD" дәмханасына "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт" талаптарына лайық деп танылды.

"Халық жиі тұтынатын, сұранысқа ие кәсіпорындар мен азық-түліктер халал сертификатын алғанда ерекше қуанамыз. Себебі, біздің басты мақсатымыз – халық қажеттілігін қамтамассыз ету. Осы бағыттарыңыздан айнымай, елге адал ас ұсынып, халал саласында бірлесе қызмет етерімізге сенемін. Біздің жұмысымыз осы жерден тоқтамайды. Алдағы уақытта технологтар мен инспектор-контролер мамандардың қатысуымен міндетті айлық тексеріс жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі", – деді Айбек Асқарбекұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына арнайы келген "SHAURMA FOOD" кәсіпорны басшыларына алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі. Өз кезегінде, "SHAURMA FOOD" кәсіпорны "Халал Даму" мамандары қызметін жоғары бағалап, "QMDB halal" таңбасына лайықты жұмыс жасайтындарын жеткізді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық "Shaurma Food" дәмхана нүктелері халал стандарты бойынша сертификаттаудан өткендігін хабарлаймыз! 

Бөлісу: