Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

08 қыркүйек 2023

125

Жаңалықтар

«Shaurma Food» қызметкерлеріне семинар өткізілді

«Халал Даму» мамандары «Shaurma Food» фаст-фуд дәмханасының басқарушы директорлары мен қызметкерлеріне оқу-семинар өткізді. Семинарға «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, бас сарапшы-технолог Айжан Қалмаханқызы, технолог Нұрбек Қабыкенов пен Мейіржан Тілектес қатысты.

Оқыту барысында шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы жөнінде түсіндірген Айбек Асқарбекұлы: «Алла пендесі үшін нені халал десе, ол сырда қайыр мен хикмет бар, ал нені харам десе, онда адам ғұмыры үшін ұшан-теңіз зиянның бар екендігі күмәнсіз. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде жер бетіндегі халал мен харам нәрселердің ара жігін ажыратып көрсеткен. Сол себепті халал стандартына сай қызмет етіп, адал өнім өндіріп, халалды таңдаған тұтынушылардың сұранысына лайықты болуға тиіспіз. Екі жақты әріптестігіміз бен серіктестігіміз мол нәтижелерге әкеледі деп сенемін. «Пайда ойлама, ар ойла» деген Абай атамыздың даналығына сүйеніп, елге пайдалы, халыққа адал қызмет ететін арлы азамат, азаматша болайық», – деп халалдың салмағы мен сұрауы ауыр екендігін түсіндірді. Технолог маман халал өнімдер технологиясы мен стандарт талаптары, зертханалық тексерістің маңыздылығы, тағамдық қоспалардың өндірісі жөнінде баяндады. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Бөлісу: