ШЕТ ЕЛДІК ҚОНАҚТАР МЕН "ХАЛАЛ ДАМУ" ӨКІЛДЕРІ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ
Шымкент қаласында Бас мүфтидің бастамасы ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен «Halal EXPO-2021» көрмесі асында Айбек Асқарбекұлы бастаған шет елдік қонақтар Қырғызстан өкілі Токтагазы Уулу Бактияр мен Ресейлік әріптес Садыков Самат мырза, сондай-ақ "Халал Дамудың" өңірлік өкілдері киелі Түркістанда болып, Қожа-Ахмет Яссауи кесенесін зиярат етті.
«Түркістан топырағы тарихи ескерткіштерге бай өлке. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткішінің бірі. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, сопылықты уағыздаушы Ахмет Ясауи бейітінің басына орнатылған. Алла Тағала киелі мекен – Түркістанда жерленген ел билеген хан-сұлтандарымызды, абыз-әулиелерімізді рақымына бөлегей. Жаратушы Жаббар Иеміз Қожа Ахмет Ясауи бабамызды мейіріміне алғай. Еліміз аман, жеріміз тыныш, егемендігіміз баянды болғай», – деген Айбек Асқарбекұлы бастаған делегация бабалар рухына дұға етіп, Құран бағыштады.