Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 сәуір 2024

369

Жаңалықтар

ШҚО: АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, жергілікті өкіл Қуаныш Қаламов, бас сарапшы-технолог Жанар Мұратқызы және технолог Мейіржан Бауыржанұлы орындады.

«Шығыс өңірге іс-сапар барысында «Өскемен құс фабрикасы», «Восток молоко» сүт зауыты, «Айтас МП» шұжық цехы және жергілікті тамақтану орындарында айлық аудит жүргізіліп, өндірісте бекітілген халал стандарты талаптарының орындалуы қадағаланды. Және де, аталған кәсіпорындарда «Халал стандарты талаптары мен технологиясы» тақырыбында оқу-семинар өткізіліп, қызметкерлерге шариғат талаптары түсіндірілді», – деген маманымыз өңірде жүргізілген тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсеткендігін хабарлады.


Бөлісу: