Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 қыркүйек 2024

509

Жаңалықтар

ШҚО: АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«Халал Даму» мамандары Мейіржан Бауыржанұлы мен Қуаныш Қасымханұлы Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындарда аудит жұмыстарын жүргізуде.

«Шығыс Қазақстан облысы – ірі индустриялық, халал кәсіпорындардың шоғырланған өңірі. Сол себепті, өңірде бінеше күннен бері айлық аудит жұмыстары жүргізілуде. Аудит аясында «Восток Молоко», «Эмиль» сүт өнімдері зауыты, «Айтас-МП» шұжық цехы, «Өскемен құс фабрикасы», «Iskender Mangal», «Panda Lamian», «Jan Sushi», «Jastaban», «Altyn Sandyq», «Qaimaq» қоғамдық тамақтану орындарында бекітілген халал стандарт талаптарының сақталуы және орындалуы қадағаланды. Аудит барысында халал стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді», – деп хабарлаған маманымыз тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсеткенін жеткізді.


Бөлісу: