18 мамыр 2023

223

Жаңалықтар

ШҚО: «Milano Cakes» кондитерлік өнімдері және «Медина» кафесі сертификатталды

Өскемен қаласындағы «Milano Cakes» кондитерлік өнімдері және «Медина» тамақтану мекемесі халал сертификаттарына ие болды.

Аталмыш кәсіпорындардың халал стандарттарына сай қызмет ету ниетіне байланысты және арнайы тексерістерден кейін, «Халал Дамудың» ШҚО бойынша жауапты өкілі Үмбет Досжан мекемелерге «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» стандарты бойынша арнайы құжатты табыс етті.

«Milano Cakes» мекемесіне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 19.04.2024

«Milano Cakes» мекен-жайы: Өскемен қаласы, Протозанова көшесі, 95

«Медина» кафесіне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 10.04.2024

«Медина» кафесінің мекен-жайы: ҚР, Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 41.


Бөлісу: