Шұжық цехтарында айлық тексеріс
11-25 мамыр аралығында Жамбыл облысындағы шұжық цехтарында екі апталық жоспары тексеріс жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын "Халал Дамудың" жергілікті жауапты өкілі Нұрмаджан Миразизов пен технолог Аблайхан Кәріпбаев орындады.
Аудит барысында ЖК "Алиев", ЖК "Асланбек 08", ЖК "Исаев", ЖК "Қыдырбаев" шұжық цехтарының өндірісі мен дайын өнімдері қадағаланып, шұжық цехы басшыларымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бақылау-қадағалау шараларын орындаған мамандар тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсеткендігін хабарлады.