Шұжық цехтарында кезекті аудит жүргізілді
Жамбыл облысындағы шұжық цехтарында кезекті айлық тексеріс жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» технологы, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев, технолог Аблайхан Кәріпбаев, жергілікті жауапты өкіл Нұрмаджан Миразизов орындады.
Наурыз айының кезекті тексерісі барысында ЖК «Дадабаев», ЖК «Садыков», ЖК «Шамахсутов», ЖК «ТиМ», ЖК «Қасымова Лола», ЖК «Қасымов» шұжық цехтарының халал өнімдерді өндіру, өңдеу, тасымалдау және сатуда бекітілген халал стандарт талаптарын сақтауы қадағаланды. Сонымен қатар, санитарлық тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады. Мамандар жүргізген кезекті тексеріс нәтижесі бойынша, шұжық цехтарында халал стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады.