Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

19 наурыз 2025

195

Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 18 МЕШІТ АСХАНАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Рамазан айының қарсаңында 18 мешіт асханасының халал талаптарына сәйкестігі тексеріліп, 53 мешітте ауыз ашар берілді. Бұл шаралар діни рәсімдердің сапалы әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. 

Ауыз ашар кезінде мешіттерде ұсынылатын өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі, азық-түлік құрамының таза болуы, ас даярлау барысында шариғатқа сай шикізат көздерінің қолданылуы басты назарға алынды. Мешіт асханаларына арналған тексерулер барысында ас дайындалатын орындарда халал тағамдарды дайындау талаптары мен санитарлық нормалардың сақталуы тексерілді.

Бұл бастама Рамазан айының құрметіне орай халыққа дін мен дәстүрге сай қызмет көрсетуді мақсат еткен. Қазіргі таңда көптеген мешіттерде ауыз ашар берудің ауқымы кеңейіп, халықтың игілігіне қызмет етуде. Ал халал талаптары бойынша тексерулер мен қадағалау жұмыстары жалғасын табуда.

Бөлісу: