Шымкент қаласы: Отырар және Оңтүстік телеарнасына «Адал астың маңызы» тақырыбында сұхбат берілді
ҚМДБ «Халал Дамудың» Шымкент қаласының бойынша жауапты өкілі Сарыбаев Қазыбек, Отырар және Оңтүстік телеарнасына «Адал астың маңызы» тақырыбында сұхбат берді.
«Кейінгі кезде елімізде халал өнімге сұраныс артып келеді. Сол себепті халал мен харамды айқындау үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымы құрылды. Діни басқарманың халал саласындағы ұстанымы – адалдық, халыққа адал қызмет ету. Осы жолда, әлемдік, халықаралық, отандық деңгейде біраз жұмыстар атқарылуда. Біз әлі де даму үстіндеміз, дамуымызды тоқтатпаймыз. Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындырамыз деп сенемін» – деді Сарыбаев Қазыбек өз сұқбатында.