Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

22 наурыз 2024

279

Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Шымкент қалалық мешіттеріндегі ауызашар дастарханы тексеріліп, ораза ұстаған жандарға сертификатталған, халал өнім ұсыну қадағаланды. Кезекті аудит жұмыстарын жергілікті өкіл Қазыбек Сарыбаев пен технолог Аружан Аралбай орындады.

«Ораза – ізгі амалдар мен сауабы мол құлшылық айы. Бір Алланың разылығы үшін таң атысы мен кеш батысына дейін ауыз бекіткен жандарға ауыз аштыру – сауапты амалдардың бірі. Осы мақсатта өңіріміздегі барлық мешіттерде ауызашар дастарханы жайылып, жиылған жамағатқа ас ұсынылады. Біздің міндетіміз – дастархандағы әрбір тағамның халалдығын жіті қадағалап, ұйымдастырушыларға жәрдемдесу», – деген маманымыз мешіттердегі ауызашар дастарханы күнделікті тексерістен өтетіндігін жеткізді.

Бөлісу: