ШЫМКЕНТ: «БИБІ-САРА АНА» МЕШІТІНДЕ СЕМИНАР
Шымкент қалалық «Бибі-Сара ана» мешітінде халалдың жергілікті өкілі Қазбек Сарыбаев пен технолог Аружан Аралбай семинар өткізді. «Халал – шариғат талабы» тақырыбында ұйымдастырылған семинарға мешіт қызметкерлері мен имамдар қатысты.
«Мешіттерде халал сертификаттау және стандарттау процессі, өнім мен өндіріс орындарын шариғат талабына сәйкестендірудің маңызы, халал жөнінде халыққа үгіт-насихат шараларын арттыру жөнінде семинарлар өткізу дәстүрге айналды. Өйткені, оның барша имамдарға берері мол. Сонымен қатар, осындай басқосу барысында олар бір-бірімен тәжірибе алмасып, халал жөніндегі білімдерін толықтыра түседі. Алдағы уақытта да осындай семинарларды ұйымдастыруды тоқтатпаймыз», - дейді жергілікті өкіліміз.