Шымкент: "Bio Agro Meat" қасапханасы тексерілді
"Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлының Шымкент қаласына ресми іс сапары барысында "Bio Agro Meat" қасапханасында бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізді. Аудит жұмыстарына жергілікті инспектор-контролер Сарыбаев Қазбек те қатысты.
Тексеріс барысында мал бауыздау және союға қатысты қойылатын халал стандарты талаптарының орындалуы мен сақталуы назарға алынды. Малды қолмен, әрі, «Бисмиллаһ» айтып бауыздауы, мал сою барысында өткір, қалыңдығы мен ұзындығы стандартқа сай пышақты қолдануы, бір малдың көзінше өзге малды соймауы, қинамауы, малды бауыздағаннан кейін қан ағызу ұзақтығының бекітілген стандартқа сәйкес келуі, мал етін өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау секілді процесстердің барлығында бекітілген талаптардың жүйелі жүзеге асуы ескерілді.
Қорытынды актіге сәйкес, тексеріс барысында халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады.
Сонымен қатар, қасапхана қызметкерлеріне шариғат тәртіптерін сақтай отырып, халал талаптарына сай мал сою жөнінде оқу-семинары өткізілді.