ШЫМКЕНТ: «EREKSHE CAKE & COFFEE» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Шымкент қаласындағы «Erekshe cake & coffee» дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Сарыбаев Қазбек табыстады.
«Сертификаттау процесі барысында дәмхана жұмысын қатаң тексеру жүргізіліп, барлық тағамдар мен өнімдердің халал талаптарына сәйкес екені анықталды. Сонымен қатар, осы сертификат кәсіпорынның әрі қарай да өз клиенттеріне сапалы және қауіпсіз қызмет көрсетуге деген жауапкершілігін арттыра түседі», – дейді жергілікті өкіліміз.
«Erekshe cake & coffee» дәмханасына берілген халал сертификаты 21.11.2024-20.11.2025 жж аралығында 1 жылға жарамды. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Нұрсат-2, 29/4, 3 блок.