Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

02 ақпан 2024

76

Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «ХАЛАЛ ДАМУ» ҚЫЗМЕТІ БАЯНДАЛДЫ

Шымкент қаласының өкілі Қазбек Сарыбаев жұма намазына жиналған жамағатқа «Халал Даму» қызметі жөнінде баяндап, халал стандарты мен сертификатының маңызын түсіндірді.

«Халал Даму» – діни басқарамаға қарасты халал стандарттау және сертификаттаумен айналысатын бірден-бір мекеме. Мекеменің негізгі міндеті – халал өндірісін дамыту, адал әрі сапалы тағамдар санын арттырып, сертификаттау жүйесін жетілдіру. Қазіргі таңда, біздің бақылаумызда 1500-нан аса кәсіпорын бар. Соның бірқатарын Шымкент шаһарындағы мекемелер құрайды. Осы бағытымыздан таймай, өңіріміздегі халал саласын әлі де жетілдіре түсуіміз қажет. Сондықтан, халал өнімді талап етіңіздер, отбасыңызды халал ас тұтынуға шақырыңыздар», – деген маманымыз, халал туралы кеңінін түсіндірді.


Бөлісу: