ШЫМКЕНТ: ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
«Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Сарыбаев Қазбек жергілікті пен технолог Аружан Аралбай жергілікті имамдарға семинар өткізді.
«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы аясында халал бағыты бойынша Шымкент қаласында бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Сәйкесінше, бүгінгі имамдарға арналған семинар игі шаралардың жалғасы. Дін қызметкерлеріне халал сертификаттау ісін халыққа кеңінен насихатау, ауыл-аудандардағы кәсіпкерлерге халалдың маңызын түсіндіру, сертификатталған кәсіпорындарда аудит жұмыстарын үздіксіз жүргізу мәселері айтылды. Сонымен қатар, технолог маман халал өнім өндіру технологиясы жөнінде баяндап, қатысушылар сауалдарына жауап берді», – деп хабарлайды өңірлік өкіліміз.