ШЫМКЕНТ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР
«Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты технологы Аружан Аралбай «Қождан ата» және «Байғұт баба» мешіттерінде әйел жамағатына халал жөнінде семинар өткізді.
Семинарда дәріс оқыған Аружан Аралбай: «Ізгі ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі тұлғалардың бірі – әйел. Әйел – ол сүйікті жар, қамқоршы ана және ас үй ханшайымы. Сондықтан әйел затының халал турасында мағлұматы болуы аса маңызды. Себебі, адал астың адам рухына, денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің сау болуы, ұрпағымыздың ұлағатты болуы – ішкен асымыздың адал болуына және сол асты әзірлейтін әйел адамға тікелей байланысты», – деп халалдың маңызын түсіндірді.
Сонымен қатар, халал стандарт талаптары, тағамдық қоспалар жөнінде толық түсіндіріп, қатысушылар сұрақтарына жауап берді.