Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

13 қараша 2022

67

Жаңалықтар

Шымкент: Кепе Қозы Датқа мешітінде семинар өткізілді

Кепе Қозы Датқа мешітінде "Ең бақытты әйел" атты семинарды «Халал Дамудың» жауапты маманы Қазыбек Сарыбаев өткізді.

Отағасының маңдай терімен тапқан ас-ауқаты мен дүние-мүлкін, қаражатын орнымен жұмсап, адал іске үйлестіре жарату – әйел адамның міндеті. Осы орайда үйге әкелетін азық пен дастарған қойылатын тағамнан бастап, балалары мен жұбайының, келген қонағына дейін адал ас ұсыну үшін әйел адамға халал жөнінде аз да болса білім керек. Еліміздегі күллі мұсылмандар мен қарапайым әйел тұтынушыларға пайдалы білім беру мақсатымен ұйымдастырылған семинарда халал өнімдер технологиясы, Е тағамдық қоспалар, халал медицина, дәрі-дәрмек, халал диета төңірегінде сөз қозғалды.



Бөлісу: