.jpeg)
ШЫМКЕНТ: КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ
Шымкент қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен кезекті көшпелі семинар өткізілді. Іс-шараға жастар ісі және дін мен дәстүр бағытына жауапты имамдар мен ұстаздар қатысты.
Семинар барысында «Халал Даму» ұйымының жергілікті өкілі Қазбек Сарыбаев «Халал астың шариғаттағы орны» тақырыбында дәріс оқып, қатысушыларға халал тағам тұтынудың маңызы мен шариғаттағы талаптары туралы түсіндірді.
Семинарда сондай-ақ қатысушыларға халал стандарттарының негізгі қағидалары мен күнделікті өмірде адал астың мән-маңызы жөнінде кеңінен мағлұмат берілді. Қазбек Сарыбаев дәріс барысында халал индустриясының еліміздегі даму қарқынына тоқталып, «Халал Даму» ұйымының жұмыстары жайлы да баяндады.
Іс-шара соңында имамдар мен ұстаздар тақырып аясында пікір алмасып, өз тәжірибелерінен мысалдар келтірді. Қатысушылар семинардың пайдалы әрі өзекті өткенін атап өтіп, осындай кездесулердің дін қызметкерлері үшін маңызды екенін айтты.