ШЫМКЕНТ: КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР
«Халал Дамудың» Шымкент қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Қаратау ауданы «Аңламас ата мешіті» жамағаты мен «Nurtau Distributtion Company» кәсіпорны қызметкерлеріне халал турасында семинар өткізілді. Семинарды жергілікті өкіл Сарыбаев Қазбек пен технолог Аружан Аралбай жүргізді.
Семинар барысында, еліміздегі орта және шағын кәсіпкерлікті халал талаптарына сай сертификаттау, өңірде азық-түлік түрлері мен санын ұлғайту, өзге аймақтарға да халал тағамдардың тасымалын арттыру мәселері қозғалды. Сонымен қатар, мешіт қызметкерлері мен имамдарға халал бағытындағы үгіт-насихат шараларын жамағат арасында жиі ұйымдастыру, мешіт асханасы мен маңайдағы тамақтану орындарының халал ас ұсынуын қадағалау тақырыптары да талқыланды. Және де қатысушылар сұрақтарына жауап беріліп, технолог маман халал азық-түлік өндіру технологиясы жөнінде баяндады.