Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

26 тамыз 2022

108

Жаңалықтар

Шымкент: «Ладушки» кәсіпорны тексерілді

«Халал Дамудың»  бас сарапшы технологы Айжан Қалмаханқызының Шымкент қаласына іс сапары барысында өңірдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі — «Ладушки» кондитерлік және аспаздық цехы тексерілді.

«Бұл кәсіпорын өңірдегі бірқатар тамақтану орындары мен дүкендерді тәтті кондитерлік өнімдерімен қамтамассыз етуде. Одан бөлек келушілерге ыстық тағам түрлерін ұсынатын асханалары да бар. Бүгінгі ревизорлық бақылау барысында кәсіпорын жұмысымен толықтай танысып,  қолданыстағы шикізаттары мен өзге де қосалқы қоспалары тексерілді. Сонымен қатар,  қызметкерлерге «халал стандарты»  турасында оқу-семинары ұйымдастырылып,  халалдың талап-тәртіптері мен ережелері түсіндірілді»,  — деп хабарлайды Айжан Қалмаханқызы. 

«Ладушки»  кәсіпорнын сертификаттау жұмыстары әлі де аяқталмағандығын ескертеміз. Тексеріс нәтижелері мен сертификат табыстау туралы ақпарат алдағы уақытта жарияланатын болады.

Бөлісу: