Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 қазан 2024

200

Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «МАКИ-МАКИ» ДӘМХАНАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының Шымкент қаласына іс-сапары барысында «Маки-Маки» фаст-фуд дәмханасы тексеріліп, кәсіпорын қызметкерлеріне халал турасында семинар өткізілді. Бақылау-қадағалау шараларына халалдың жергілікті өкілі Сарыбаев Қазбек пен технолог Аружан Аралбай да қатысты.

Мамандар дәмхананың ас мәзіріндегі өнімдердің халал стандарттарына сәйкестігін мұқият тексерді. Шара барысында өнімдер мен ингредиенттер егжей-тегжейлі сарапталып, шикізаттардың сапасы мен олардың халал талаптарына сәйкестігі анықталды. Тексерістің нәтижесінде, «Маки-Маки» фаст-фуд дәмханасының өнімдері мен қызмет көрсету процесстері бекітілген халал талаптарына сай екендігі расталды.

Семинарда кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарттарының маңыздылығы, өнімнің адал болу шарттары және сертификаттау рәсімдері туралы кеңінен мәлімет берілді. Және де халал өнім өндірісіндегі басты қағидаларды түсіндіріп, дәмхана қызметкерлеріне халал талаптарын сақтаудың маңызы жайлы айтты.


Бөлісу: