Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

28 қазан 2025

10

Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «МЕЧТА» КОНДИТЕРЛІК ЦЕХЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Шымкент қаласындағы «Мечта» кондитерлік цехы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Қазбек Сарыбаев табыстады.

 «Мечта» кондитерлік цехында өнім өндірісінің барлық кезеңі – шикізат қабылдау, сақтау, өндіру және қаптау процесі толықтай қадағаланып, стандарт талаптарына сәйкестігі тексерілді. Кәсіпорын қызметкерлері арнайы халал талаптары бойынша оқытылып, өндіріс орнында тазалық пен адалдық қағидалары сақталуда. Сондай-ақ, тексеріс барысында цехта қолданылатын барлық қоспалар мен ингредиенттердің шығу тегі мұқият зерттеліп,  сәйкестік құжаттары назарға алынды. «Мечта» кондитерлік цехы тұтынушыларға адал әрі сапалы өнім ұсынуды басты мақсат етіп, халал стандарттарының тұрақты түрде сақталуын қамтамасыз етуге міндеттелді», – деген Қазбек Сарыбаев ұжымға табыс тілеп, халал өнім өндіру мәдениетін дамытудағы еңбектерін атап өтті. Бұл қадам аймақтағы халал индустриясының дамуына және отандық өнімге деген сенімді арттыруға зор үлес қосады.


Бөлісу: