Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

29 қаңтар 2026

14

Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ СЕМИНАР

«Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Қазбек Сарыбаев «Шымкент медресе-колледжінің» студенттерімен кездесу өткізді. Семинар барысында шәкірттерге «Халал және харам» ұғымдары жайында кеңінен түсіндірме жасалды.

Кездесу кезінде халал өнімнің маңызы, адал ас тұтынудың діни әрі рухани құндылығы, сондай-ақ күнделікті өмірде харамнан сақтанудың жолдары сөз болды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты мысалдар арқылы жауап беріліп, тақырып аясында пайдалы мәліметтер ұсынылды. Сондай-ақ іс-шара барысында халал стандарттарының қалыптасу тарихы, оны сақтаудың өндіріс пен қызмет көрсету салаларындағы маңызы жөнінде айтылды. Қазіргі таңда халал талаптарының тек тағаммен шектелмей, тұрмыстық, қаржылық және қызмет көрсету бағыттарын да қамтитыны атап өтілді.

Кездесу соңында студенттерге адал ризық табудың жауапкершілігі, аманатқа қиянат жасамау және кәсіби қызметте халал қағидаларын ұстанудың маңыздылығы жөнінде насихат айтылып, семинар еркін пікір алмасу форматында қорытындыланды.


Бөлісу: