.jpeg)
ШЫМКЕНТ: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР
Шымкент қаласы, Абай ауданы, «Мастура қажы» мешітінің жамағатына «Рамазандағы адал астың маңызы» туралы арнайы семинар өткізілді. Семинарда «Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша бақылаушы өкілі Сарыбаев Қазыбек дәріс оқып, халал өнімдердің маңыздылығы мен олардың руханиятқа және денсаулыққа тигізер пайдасы туралы кеңінен әңгімеледі.
Сондай-ақ, адал астың мұсылман өміріндегі орны, оның рухани тазалыққа әсері және Рамазан айында дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы жан-жақты түсіндіріп өтті. Және де халал, харам ұғымдарына тоқталып, халал өнімдерді таңдауда қандай критерийлерге мән беру керектігін нақты мысалдармен көрсетті. Ол қазіргі нарықтағы халал өнімдер мен сертификатталған кәсіпорындар жайында ақпарат беріп, тұтынушылардың саналы түрде адал асты таңдауы қажеттігін баса айтты.
Семинар соңында жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Іс-шара соңында қатысушылар өз алғыстарын білдіріп, осындай пайдалы кездесулердің жиі ұйымдастырылып тұруын жеткізді.