Шымкент пен Түркістандағы "Magnum" сауда орындары тексерілді
Шымкент және Түркістанда "Magnum Cash & Carry" сауда орнындағы ет және шұжық өнімдері тексерілді. Кезекті аудит шараларын "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы мен жергілікті инспектор-контролер мамандар орындады.
«Республика бойынша қарқынды дамып келе жатқан «Magnum Cash & Carry» сауда орталықтарындағы ет және шұжық сататын орындарды «QMDB Halal» стандарт талаптарына сәйкес сертификатталғаны мәлім. Біздің жұмыс, тек сертификат табыстаумен аяқталмайды. Сол себепті, еліміздің барлық ірі қалаларында орналасқан «Magnum» сауда орындарын ай сайын тексеріп тұрамыз. Оңтүстік өңірге іс сапар барысында "Magnum" сауда желілерін қайта бақылаудан өткіздік. Аталған сауда орындарында халал өнімдердің кең ассортименті ұсынылған. Тексеріс барысы шикізат пен тағамдық қоспалардан бастап, өнімді сатуға дейінгі сатыларды түгелдей қамтыды. Халал өнімдерді жеткізу, қабылдау, сақтау, дайындау және сату процесінде халал стандарттың барлық талаптары қатаң сақталған", – деп хабарлайды Айбек Асқарбекұлы.