Шымкент қ.: «Маралым» кондитерлік өнімдері тексерілді
Шымкент қаласында кезекті айлық тексеріс жұмыстары жалғасуда. «Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Сарыбаев Қазбек «Маралым» шұжық цехында аудит шараларын жүргізді.
Өңіріміздегі «QMDB Halal» сертификаты берілген барлық кәсіпорындарда ай сайын кезекті және кезектен тыс бақылау-қадағалау шаралары тұрақты түрде орындалып тұрады. Бүгінгі «Маралым» цехында жүргізілген аудит кезінде бекітілген халал стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады. Барлық шикізаттар мен тағамдық қоспалар талаптарға сай. Санитарлық тазалық та толықтай сақталған», – деп хабарлайды жергілікті өкіл Сарыбаев Қазбек.