Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

07 желтоқсан 2021

67

Жаңалықтар

Шымкент қ.: Шұжық цехтары тексерілді

Шымкент қаласындағы «QMDB Halal» сертификатына ие болған шұжық цехтарында кезекті тексеріс жұмыстары жүргізілді. Ревизорлық бақылау шараларын «Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Сарыбаев Қазбек орындады.

«Қазіргі таңда біздің бақылауымызда бірнеше шұжық цехы бар. Сол себепті, тұрақты түрде кезекті және кезектен тыс тексеріс шаралары жүргізіліп тұрады. Бүгінгі бақылау-қадағалау барысында өңірдегі «Нұрдәулет», «Исфиджап», «Жасур» шұжық тексеріліп, халал өнімдерді өндіру, өңдеу, тасымалдау және сатуда бекітілген халал стандарт талаптарының сақталуы қадағаланды. Сонымен қатар, санитарлық тазалықты сақтау мәселесі де ескерілді» – деген Сарыбаев Қазбек тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсеткендігін жеткізді.


Бөлісу: