Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

03 қазан 2023

116

Жаңалықтар

«ШЫМКЕНТ ҚҰС» ФАБРИКАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Шымкент қаласындағы ірі кәсіпорындардың бірі — «Шымкент құс» фабрикасында айлық тексеріс жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы бастаған технолог мамандар орындады. 

«Оңтүстік өңірде құс еті мен жұмыртқасын өндіру көлемі жыл санап артып келеді. «Шымкент құс» фабрикасы да индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорындардың бірі. Қазіргі таңда «QMDB Halal» стандартына сай жұмыс жасайды. Жылына бірнеше мыңдаған тонна құс етін өндіруге қауқарлы. Дайын өнімдер оңтүстік, солтүстік өңірлерге, алыс-жақын аудан, ауылдарға тасымалданады. Тексеріс барысында құстардың жем-азығынан бастап, шариғатқа сай бауыздалуы, өңдеу, өндіру, сақтау, тасымалдау процесстері толықтай тексерілді», — деген Айбек Асқарбекұлы аудит қорытындысы оң нәтиже көрсеткендігін, бекітілген халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмегендігін хабарлады.

Бөлісу: