ШЫМКЕНТ: ШҰЖЫҚ ЦЕХТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Шымкент қаласындағы бірқатар шұжық цехтарында айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Жоспарлы бақылау-қадағалау шараларын жергілікті өкіл Қазбек Сарыбаев пен технолог Аружан Аралбай орындады. Аудит барысында ЖК «Мирахметов», ЖК «Нұрдәулет» және Сайрамдағы бірнеше шұжық цехтары тексерілді.
«Шұжық өндірісі – халал саласының негізгі бағыттарының бірі. Бұл өндіріс орындарында жүргізілетін аудит – асқан ұқыптылық пен байқампаздықты, тұрақты қадағалауды талап етеді. Аталған шұжық цехтарында жүргізілген аудиттің оң нәтижесінен кейін, Мирахметов» кәсіпорнына жаңартылған халал сертификаты табысталды. Алдағы уақытта тұрақты қадағалау жүргізіліп тұрады», – дейді жергілікті өкіліміз.