Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 қазан 2024

188

Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «СПК АЛМА» ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог Аружан Маратқызы «СПК Алма» шұжық цехында айлық аудит жұмыстарын жүргізіп, халал стандарты талаптарының сақталуын қадағалады. 

Тексеру нәтижесінде, Айбек Асқарбекұлы мен Аружан Маратқызы шұжық цехының халал стандарт талаптарын жақсы орындап жатқанын атап өтіп, алайда, кейбір аспектілерді жетілдіру қажеттігін де белгіледі. Мысалы, шикізаттың тегіне және оның көздеріне қатысты құжаттама рәсімдерін жетілдіру, сонымен қатар өнімдерді сақтау шарттарын жақсарту мәселелері ұсынылды.

Сонымен қатар, цех жетекшілігіне ай сайынғы аудит нәтижелері бойынша мониторинг жасау және түзету шараларын уақытында енгізу туралы ұсыныстар берілді.

Бөлісу: