
ШЫМКЕНТ: «ZUURAY» СУСЫНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Шымкент қаласындағы «Zuuray» алкогольсіз сусындары «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Қазбек Сарыбаев табыстады.
Тексеру барысында өндірістің барлық сатылары — шикізатты қабылдау, сақтау, өндіру, құю және орау үдерістері халал стандарттарының талаптарына толық сәйкес келетіні анықталды. Сондай-ақ, қызметкерлердің санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау деңгейі, құрал-жабдықтарды тазалау мен дезинфекциялау тәртібі де бақылаудан өтті.
«Халал сертификатын алу – біз үшін үлкен жауапкершілік әрі сенім белгісі. Тұтынушыларымызға адал әрі сапалы өнім ұсыну – басты мақсатымыз», – деді «Zuuray» компаниясының өкілі. Өз кезегінде «Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша өкілі Қазбек Сарыбаев халал талаптарын сақтау тек діни тұрғыда ғана емес, сонымен қатар өнім сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды көрсеткіші екенін атап өтті.