ШЫМКЕНТ: ИМАМДАР МЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ СЕМИНАР
«Халал Дамудың» Шымкент қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби ауданындағы орта және шағын кәсіп иелері мен Еңбекші ауданындағы бір топ имам, молдаларға «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды жергілікті өкіл Сарыбаев Қазбек пен технолог Аружан Аралбай жүргізді.
Семинар барысында, еліміздегі орта және шағын кәсіпкерлікті халал талаптарына сай сертификаттау, өңірде азық-түлік түрлері мен санын ұлғайту, өзге аймақтарға да халал тағамдардың тасымалын арттыру мәселері қозғалды. Сонымен қатар, мешіт қызметкерлері мен имамдарға халал бағытындағы үгіт-насихат шараларын жамағат арасында жиі ұйымдастыру, мешіт асханасы мен маңайдағы тамақтану орындарының халал ас ұсынуын қадағалау тақырыптары да талқыланды. Және де қатысушылар сұрақтарына жауап беріліп, технолог маман халал азық-түлік өндіру технологиясы жөнінде баяндады.