Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 тамыз 2022

53

Жаңалықтар

Шымкент:«Мирахметов» және «Нұрдәулет» шұжық цехтары тексерілді

Шымкент қаласындағы кезекті айлық бақылау-қадағалау барысында «Мирахметов»  және «Нұрдәулет» шұжық цехтары тексерілді. Ревизорлық бақылау шараларын жергілікті инспектор-контролер Қазбек Сарыбаев пен Аружан Аралбай орындады.

«Ежелден малды кәсіп қылған қазақ халқы етті қонақтың кәдесі, дастарханның сәні деп санаған. Алайда, заманның ағымына қарай өндіріс технологиясының дамумен түрлі дәмдеуіштер арқылы ет өңдеудің сан алуан түрі пайда болды. Соның себебімен,  шұжық өндірісі қарқынды дами бастады. Бүгінде біздің өңірде де «QMDB halal» стандартына сай түрлі ет өнімін өндіретін бірнеше кәсіпорындар бар. Соның бірі —  «Мирахметов»  және «Нұрдәулет» шұжық цехтары.  Кезекті бақылау барысында аталған шұжық цехтарында бектілген стандарт талаптарының толықтай орындалатынына көз жеткіздік. Тексеріс нәтижесі оң», — деп хабарлайды жергілікті өкіл. 

Естеріңізге сала кетейік,  қазірге уақытта еліміздің әр өңіріндегі сертификатталған кәсіпорындарда кезекті айлық тексеріс жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу: