Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

01 ақпан 2024

66

Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкенттегі кәсіпорындарда кезекті айлық тексеріс жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын “Халал Даму” директоры Айбек Асқарбекұлы, ветеринарлық санитария ісінің бас маманы Данияр Бақзейнелұлы, жергілікті өкіл Қазбек Сарыбаев, технолог Аружан Аралбай орындады.

“Аудит барысында “Мирахметов” және “Қарқын 2030” шұжық цехтары, “Turan Collagen Eco” емдік-профилактикалық өнімдері тексерілді. Кәсіпорындардың бекітілген халал стандарты талаптарын сақтай отырып өнім өндіретіндігі анықталды. Өндіріс барысында санитарлық тазалақтың қадғалануы да ескерілді” , – деп хабарлайды маманымыз.

Еске сала кетейік, қазіргі таңда “Халал Даму” мамандары еліміздің оңтүстік өңірлерінде айлық аудит шараларын орындауда.

Бөлісу: