ШЫМКЕНТТЕ АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласындағы «Халал Даму» бақылауындағы кәсіпорындарда аудит шаралары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын жергілікті мамандар Қазбек Сарыбаев пен Аружан Аралбай орындады.
«Бекітілген жоспар бойынша өңірдегі шұжық цехтары, қоғамдық тамақтану орындары, фаст-фуд желілері, кондитерлік цехтар тексерілді. Өндіріс орындарында жүргізген тексерістің қорытындысы бойынша кәсіпорында халал стандарт талаптары толықтай сақталуда. Аймақтағы аудит жұмыстары әлі де жалғасатын болады», – дейді жергілікті маманымыз.