Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

31 қаңтар 2024

73

Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

«Халал Даму» директоры А.Асқарбекұлы мен бас ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Бақзейнелұлының Шымкент қаласына іс-сапары барысында «Халал – шариғат талабы» атты аймақтық-танымдық семинар өткізілді. Семинарға облыстың бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы, халалдың жергілікті өкілі Қазбек Сарыбаев пен технолог Аружан Аралбай және аймақтық имамдар мен мешіт қызметкерлері, кәсіпкерлер қатысты.

«Халал стандарты» дегеніміз – бірінші кезекте өнімнің шариғат үкімдеріне сай болуы. Халал үкімі тек тағамға ғана тән десек қателесеміз. Халал индустриясына – тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, білім беру және денсаулық саласы, қаржы-қаражат т.б барлығы жатады. Нақтырақ айтқанда, халал стандартын қажет етпейтін құрылым жоқ. Осы орайда халал стандарттың шариғи үкімін де білген дұрыс. Себебі аят-хадис адам баласын харамнан аулақ болуға үндейді. Үлкен білім иесі ибн Касир: «Харам етілген дүниелерді пайдалану құлшылықтың қабыл болмауына соқтырады», – деген Айбек Асқарбекұлы халал мен харамды ажырата білу ауадай қажет екендігін және халал стандарты талаптары мен ерекшеліктерін жеткізді. Сонымен қатар, бас имам Бақдаулет Нұрматұлы жергілікті имамдарға өңірде халал жөнінде ақпарттандыру жұмыстарын жетілдіріп, үгіт-насихат шараларын арттыруды тапсырды. 

Бөлісу: