Шымкентте «Халал — шариғат талабы» кітабының таныстырылымы өтті
Шымкент қалалық медресе колледжінің ұстаздары мен шәкірттеріне «Халал-шариғат талабы» кітабының таныстырылымы өтті. Шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы және «Халал Дамудың» жергілікті жауапты өкілі Сарыбаев Қазыбек қатысты.
«Бұл еңбекте халал мен харамға, оның амал-құлшылыққа тигізер әсеріне, дастархандағы астың тазалығы мен адалдығына, адал өнім тұтынудың ұрпақ денсаулығы мен тәрбиесіне тигізер ықпалына қатысты маңызды мәліметтер, пайдалы ақпараттар мен анықтамалар берілген. Әлемдік халал стандарттарында көрсетілген құнды деректерді баяндай отырып, шариғатымыз бойынша харам және күмәнді болып саналатын өнімдерден сақтанудың жолдары ұсынылады. Мұсылмандық дүниетаным мен қазақи пайымды салыстыра отырып, халал төңірегіндегі өзге де мәселелерді қозғайды» деген Бақдаулет Нұрматұлы арнайы баяндама жасап, екі медресе кітапханасына қырық дана кітап сыйға тартты.